Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының тірегі

Қай заманда болмасын, мемлекет дамуының басты негізі – заң үстемдігі мен қоғамдағы тәртіптің сақталуы. Заң – елдің арқауы, әділдіктің айнасы. Ол әр азаматтың құқығын қорғап, міндетін айқындайды. Ал тәртіп – сол заңның өмірде дұрыс орындалуының көрінісі.
Бүгінгі таңда еліміздің басты мақсаты – құқықтық, әділетті және қауіпсіз қоғам құру. Бұл жолда әр азаматтың саналы түрде заңға бағынуы, өз ісіне жауапкершілікпен қарауы аса маңызды. Тәртіп сақталған жерде ғана тыныштық, тұрақтылық пен сенім орнайды.
Заң мен тәртіпке бағыну – тек қорқыныштан емес, азаматтық сана мен мәдениеттің көрінісі. Әрқайсымыз өз орнымызда әділ, адал, жауапты болсақ – ел іргесі де берік болмақ.

 Заңға құрмет – өз еліңе, өз болашағыңа құрмет! 

12:28
17

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020