Қоғамның тыныштығы мен елдің тұрақтылығы заң мен тәртіптің қатаң сақталуына байланысты. Заң – мемлекеттің негізгі тірегі, ал тәртіп – сол заңның өмірде жүзеге асуының көрінісі. Әр азамат өз міндетін орындап, заңды құрметтеген жағдайда ғана елде бейбіт өмір орнайды. Тәртіп пен жауапкершілік – өркениетті қоғамның басты белгілері.
Қазіргі заманда құқықтық сауаттылық – әр адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Өз құқықтары мен міндеттерін білетін азамат ешқашан заң бұзуға жол бермейді. Сондықтан жастарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу – қоғам алдындағы маңызды міндет. Мектептер мен жоғары оқу орындарында өткізілетін құқықтық түсіндіру жұмыстарының маңызы зор.
Заң мен тәртіп сақталған елде қылмыс азайып, халықтың өмір сапасы артады. Құқық қорғау органдарының негізгі мақсаты – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Олар ел ішіндегі тыныштық пен әділдіктің сақшысы болып табылады. Әрбір азамат оларға көмек көрсетіп, заң бұзушылыққа бейжай қарамауы керек.
Мемлекет басшысы да әр жолдауында заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызын атап өтеді. Бұл – әділетті қоғамның басты қағидасы. Әділ заң мен берік тәртіп бар жерде ел іргесі де мықты болады.
Заң мен тәртіп – елдің дамуы мен халықтың аман өмір сүруінің кепілі !