​БАҚ өкілдерімен кездесу

Облыс әкімдігінің ғимаратында «Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары Сабина Ниязова өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, сұхбат берді.

Негізгі тақырып соңғы күндері әлеуметтік желілерде тарап кеткен қант диабеті, церебральды сал ауруы және басқа да созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық көмек пен дәрі-дәрмектерге қолжетімділіктің шектеулеріне тап болады деген жалған ақпарат жөнінде болды. Сабина Сабирқызы бұл ақпараттың мүлдем шындыққа жанаспайтынын айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулары бар пациенттерге медициналық көмектің көлемі мен сапасы бойынша кепілдіктер толық көлемде сақталатынына сендіреді. Церебральды сал ауруы және басқа да созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық көмектің толық көлемін алуды жалғастыра бермек.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) 11 ауруды емдеуді қамтиды:

Жаңартылған тізбеге 11 нозология кіреді, олар бойынша медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде-пациенттің сақтандыру мәртебесіне қарамастан ұсынылады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулардың (ӘМА) жаңартылған тізбесі күшіне енеді. Шешім «Кейбір заңнамалық актілерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде қабылданды.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда «қант диабеті» диагнозымен диспансерлік есепте 535 мыңнан астам адам, оның ішінде 5 625 бала тіркелген. Олардың барлығы қажетті дәрі-дәрмектерді тегін алады.

19:35
35

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020