Қаламызда кәсіпкерлікті қолдау және экономикалық дамуды ынталандыру аясында, Анарқұлов көшесі, 9Б мекенжайында «Жанұя» сауда желісінің жаңа минимаркетінде "Әлеуметтік бұрыш" ашылды.
Жоба тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен ұсынуды мақсат етеді және шағын бизнеске қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
Бүгінде «Жанұя» сауда желісімен бірлесе отырып, Жезқазған қаласында 4 дүкен осы бағытта қызмет көрсетуде.