Келесі жылы Жезқазған қаласында жалпы ұзындығы 4,8 шақырымды құрайтын 7 көшеде орташа деңгейдегі автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарлануда.
Жөндеу келесі көшелерде атқарылады:
Холмецкий көшесі (Пушкин көшесінен Тимирязев көшесіне дейін);
Пушкин көшесі (Сәтпаев көшесінен Садовое сақина жолына дейін);
Алашахан даңғылы (Байқоңыров көшесінен айналма жолға дейін);
Есенберлин көшесі (Жәлил көшесінен Шығыс айналма жолына дейін);
Қаражар көшесі (Сәтпаев көшесінен МАИ ғимаратына дейін);
Бөгенбай батыр шағынауданының көшелері (Заводская, Щорса, Водопроводная, Шолохова, Иманжанова, Майкутова, Шинтуринова);
Шығыс айналма жолы (айналма жолдан Тимирязев көшесіне дейін).
Бұдан бөлек, келесі жылы бірқатар кварталдар мен шағынаудандарда ішкі кварталдық жолдарды жөндеу жұмыстары да жоспарланып отыр.
№ 1, 10, 15, 19, 29 және 61 кварталдар бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптама қорытындысын 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін алу көзделген.
Ал № 1, 2, 3, 4, 5 шағынаудандар және № 26 квартал бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлейтін жобалаушыны анықтау жұмыстары жүргізілуде.