Желтоқсанда Ақмола облысы мен Астана қаласында әлеуметтік тұрғыдан осал D және E санатындағы азаматтарды әкімдіктердің жарналары есебінен қамту бойынша пилоттық жоба өткізу жоспарланып отыр. МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес бұл механизм жаңа жылдан бастап ел бойынша іске қосылмақ.
Белгілі болғандай, қазақстандықтардың шамамен 60%-ы МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кіреді, яғни олар үшін жарнаны мемлекет төлейді (мысалы, зейнеткерлер, балалар, студенттер, жүкті әйелдер, мүгедектігі бар жандар, ресми тіркелген жұмыссыздар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар және басқалар).
Қазір Қазақстанда 3,5 миллионға жуық адам (халықтың 17,9%-ы) МӘМС жүйесіне қатыспайды. Олардың шамамен 1 миллионын әлеуметтік әл-ауқаты дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейде деп танылғандар құрайды.