Ұлытау облысында инновациялық университет құрылмақ

«Қазақмыс» корпорациясы мен Ғылым министрлігі меморандумға қол қойды. Ол меморандумға сәйкес өңірде жаңа инновациялық ЖОО — Ұлытау университеті құрылады.

Жоғарғы оқу орнында тау-кен металлургия кешені мамандары даярланады. Оқу орны америкалық Colorado School of Mines мектебімен және Satbayev University-мен ынтымақтасады. Студенттерге халықаралық стандарттарға сай бағдарлама және озық зерттеулер мен технологиялар қол жетімді болады.

Университетте оқу ғимараты, 140-150 орынға шақталған жатақхана, спорт кешені және ғылыми-зерттеу орталығы болады.

Оқу келесі академиялық жылы басталады.

11:05
14

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020