Өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері – экономикалық дамуды қолдау тетігі

«Ұлытау» ӘКК» АҚ аймақтың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 19 негізгі азық-түлік тауарларының 15 түрін тұрақтандыру қоры арқылы нарыққа ұсынып келеді.
Әр сенбі сайын Жезқазған және Сәтбаев қалаларында өтетін жәрмеңкелерде тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылуда. Бұл шара бағаны тұрақтандыруға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және жергілікті экономиканың дамуына оң әсер етеді.
Жәрмеңкеде ұсынылатын өнімдер бағасы:
Рожки — 319 тг/кг
Сиыр еті — 3080 тг/кг
Күнбағыс майы — 660 тг/л
Ақ күріш — 440 тг/кг
Қант — 418 тг/кг
Жұмыртқа (1 санат, 10 дана) — 495 тг
Тауық еті — 1254 тг/кг
Өткен аптада қосылған жаңа өнімдер:
Картоп — 172 тг/кг
Сәбіз — 161 тг/кг
Қырыққабат — 172 тг/кг
Толық тізім өңір дүкендеріндегі әлеуметтік бұрыштарда қолжетімді.
Жәрмеңке өтетін орындар:
Жезқазған қ. — Орталық базар
Сәтбаев қ. — Ұлытау көшесі, 85 («Светофор» дүкені)

«Ұлытау» ӘКК» АҚ бағаны тұрақтандыру, нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету және өңірдің экономикалық дамуына үлес қосу бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда.

11:00
7

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020