Ulytau Hub-та IT-стартаптарды инвестицияға дайындауға арналған кездесу өтті

Ұлытау өңірінде экономиканы цифрландыру және инновациялық кәсіпкерлікті дамыту бағытында маңызды шаралардың бірі – «От идеи до инвестора» тақырыбындағы кездесуі Ulytau Hub алаңында өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар IT-стартаптарды инвестицияға дайындаудың негізгі кезеңдерімен танысып, тәжірибелі сарапшылардан практикалық кеңестер алды. Кездесудің басты мақсаты – стартап иелеріне идеядан бастап инвестиция тартуға дейінгі жолды түсіндіру және өңірлік цифрлық экожүйені нығайту.

Кездесу аясында келесі өзекті тақырыптар қозғалды:

инвестициялық мәмілелердің сәтсіз болуына алып келетін негізгі қателіктер;

инвесторларды табудың тиімді алаңдары мен жолдары;

инвесторлар үшін маңызды критерийлер мен бағалау көрсеткіштері;

стартаптардың бастапқы кезеңінде жиі жіберілетін қателіктер;

идеяны нақты, масштабталатын цифрлық өнімге айналдыру қадамдары.

Шара интерактивті форматта өтіп, қатысушылар өз жобалары бойынша сұрақтар қойып, нақты кейстермен жұмыс істеді. Бұл тәжірибе стартаптардың нарыққа бейімделуіне және инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Ulytau Hub алаңында өткен бұл кездесу өңірдегі инновациялық бастамаларды қолдауға, цифрлық экономиканы дамытуға және жаңа технологиялық жобалардың қалыптасуына серпін берді.

Іс-шараға қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреміз. Сіздердің белсенділіктеріңіз Ұлытау өңірінің цифрлық экожүйесін дамытуға және экономиканы жаңғыртуға үлес қосады.

11:15
31

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020