​Еңбек – елдіктің негізі

Қоғам дамуының басты өлшемі – адал еңбек. Қай кезеңде болмасын елдің еңсесін көтеріп, экономикасын алға сүйрейтін де, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін де – маңдай терімен нәпақа тапқан еңбек адамдары. Бүгінде олардың еңбегін дәріптеу – уақыт талабы.

Еңбек адамы – бұл тек белгілі бір кәсіп иесі ғана емес, бұл – жауапкершілік пен табандылықтың, төзім мен кәсібиліктің жарқын үлгісі. Зауытта станок басында тұрған жұмысшы да, егін алқабында тер төккен дихан да, құрылыс алаңында еңбек еткен маман да ел игілігі үшін қызмет етуде.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан еңбек адамын қолдауға, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Кәсіптік білім беру жүйесі жетілдіріліп, жас мамандарды қолдау бағдарламалары жүзеге асырылуда. Бұл – еңбекке деген құрметтің нақты көрінісі.

Өндіріс орындарында көп жыл бойы табанды еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандар – жас буынға үлгі. Олар өз ісіне адалдықпен қарап, сапа мен тәртіпті басты орынға қояды. Осындай еңбек адамдарының арқасында өңірлер дамып, ел экономикасы нығая түсуде.

Қоғамда адал еңбектің қадірі артқан сайын, тұрақтылық пен өсім де күшейе береді. Сондықтан еңбек адамын ұлықтау, олардың жетістігін кеңінен насихаттау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Еңбек – береке бастауы. Ал еңбек адамы – елдің шынайы тірегі.

11:42
41

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020