Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков бүгін Үкімет отырысында өңірдің 2025 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.
Өңір басшысы 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өңірдегі қысқамерзімді экономикалық индикатор 1,1%-ға, көлік және қоймалау 22,5%-ға, құрылыс саласы 10,8%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 9,8%-ға, инвестициялар 5,9%-ға, сауда 1,6%-ға өскенін атап өтті. Ал ауыл шаруашылығы оң қарқынға қол жеткізіп, 1% өсім көрсетті.
«Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен өңірде 13 млрд теңгеге 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, осы жобалардың қатарында шаруашылықтарды біріктіру арқылы «Отбасылық ферма» жобасы басталды. Аталған жоба 6 ауылдық округті қамтиды, оның аясында 12 900 бас ұсақ мал, 7 800 бас ірі қара мал, сондай-ақ 25 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары сатып алынды»,-деді облыс әкімі өз баяндамасында.
Жалпы алғанда, агроөнеркәсіп кешені өткен кезеңмен салыстырғанда перспективалы бағыттардың бірі болып отыр және инвестициялардың өсуіне өз үлесін қосуда. Сонымен қатар жобаларды іске асыру — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруді 4-тен 6 позицияға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін күшейтеді.