Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті, департаменті полиция қызметкерлерімен, жергілікті атқарушы органдармен және «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» еріктілерімен бірлесіп «Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында Жезқазған қаласында есірткі заттарының жарнамасын анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүргізді.
Профилактикалық және жедел іс-шаралар барысында есірткінің заңсыз жарнамасына қатысты жазбалар, граффитилер және өзге де түрлері, сондай-ақ есірткі құралдарын «жасырын қалдыру» тәсілімен тарату үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарға сілтемелер анықталды.
Құқық қорғау органдары есірткі құралдарын жарнамалау және оларды таратуға қатысу Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкелетіні ескертеді.