Цифрлық қауіпсіздік – әр адамға қажет маңызды дағды

Жезқазған Бизнес және Көлік колледжінің студенттерімен «Цифрлық әлемдегі қорғаныс: жасырын қауіптерге қарсы қарапайым қадамдар» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті.
Іс-шара барысында цифрлық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда:
интернеттегі жеке деректерді қорғау жолдары;
көбіне байқалмай қалатын цифрлық қауіптер;
аккаунттарды, құрылғыларды және әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану тәсілдері;
қазіргі заманда цифрлық гигиенаның маңыздылығы жөнінде айтылды.
Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Ашық диалог арқылы цифрлық қауіпсіздік қарапайым әрекеттер мен дұрыс білімнен басталатынына көз жеткізді.

Жезқазған Бизнес және Көлік колледжінің студенттеріне цифрлық қауіпсіздік тақырыбына деген қызығушылығы мен белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Онлайн кеңістікте өзімізді ертерек қорғай білсек, күнделікті өмірде де өзімізді сенімді сезінеміз.

12:16
15

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020