Customer Development көмегімен табысты стартапты қалай құруға болады

«Customer Development көмегімен табысты стартапты қалай құруға болады» іс-шарасы өтті
13 желтоқсан күні Ulytau Hub алаңында стартаптарды дамытудағы маңызды құралдардың бірі — Customer Development тақырыбына арналған кездесу өтті. Іс-шара стартапты тек идеядан емес, ең алдымен пайдаланушыны терең түсінуден бастау керектігін көрсетуге бағытталды.
Кездесу спикері — Ұлан Күндізбай, Computer Engineer (NYU Abu Dhabi). Ол қатысушылармен бірге табысты жобалардың не себепті өнімнен емес, қолданушының нақты мәселелері мен қажеттіліктерін анықтаудан басталатынын жан-жақты талқылады.
Кездесу барысында келесі тақырыптар қамтылды:
клиенттердің шынайы «ауырсыну нүктелерін» (pain points) анықтау және оларды өнімнің құндылығына айналдыру;
касдев-интервью жүргізудің тиімді тәсілдері және шынайы, пайдалы кері байланыс алу;
артық шығынсыз гипотезаларды жылдам тестілеу;
Customer Development әдісінің стартаптарға уақыт пен ресурсты жоғалтпауға қалай көмектесетіні;
өсуге қабілетті жобалар мен бастапқы кезеңде тоқтап қалатын жобалардың айырмашылығы.
Кездесу практикалық форматта, еркін әрі мазмұнды өтті. Қатысушылар Customer Development әдісін өз жобаларында дәл қазірден бастап қалай қолдану керектігін нақты түсінді.

Customer Development — тұрақты әрі табысты стартаптардың берік іргетасы. Бұл іргетасты қатысушылар Ulytau Hub алаңында бірге қалауды бастады.

15:20
46

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020