​5 қаңтардан бастап Жезқазғанда «Халық бухгалтері» акциясы басталды

Акция Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ҚР Қаржы министрлігінің бастамасымен өткізілуде. Жоба жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін консультациялық көмек көрсетуге бағытталған. Акция 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.

Акция аясында кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мәселелері бойынша түсінікті әрі тәжірибеге бағытталған түсіндірмелер ала алады.

Жобаны іске асырудың негізгі форматы — қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармаларында офлайн-консультациялар өткізу. Қабылдау орындары мекенжайы мен жұмыс кестесі көрсетілген «Халық бухгалтері» арнайы ақпараттық тақтайшаларымен белгіленеді.

Консультациялар өткізу кестесі:

– 2026 жылғы қаңтар–ақпан айларында — аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін;

– 2026 жылғы наурыз айынан бастап — аптасына екі рет.

Консультациялар кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар, бухгалтерлік қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының білікті қызметкерлері тарапынан көрсетіледі.

Өңірлерде жұмыс аудандық деңгейде ұйымдастырылады, қажет болған жағдайда мамандардың орындарға шығуы да қарастырылған.

Қосымша ретінде бейне-консультациялар, ресми арналар арқылы телефон және онлайн-қолдау, есепті кезеңдерде вебинарлар мен тақырыптық сессциялар өткізу жоспарланған. Кәсіпкерлер үшін түсінікті түсіндірмелер мен қадамдық нұсқаулықтары бар ақпараттық буклеттер дайындалады, call-орталық материалдары жаңартылып, SalyqBot Telegram-арнасындағы пайдалы контент кеңейтіледі.

Жезқазған қаласында акция аясындағы консультациялар келесі мекенжай бойынша өткізіледі:

Бейбітшілік даңғылы, 26.

Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

13:35
38

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020