​Локализация үшін негіз қалау

Бүгінде куә болып отырған трансформациялық процесстер – Қазақстан басшылығының соңғы жылдары жүзеге асырған реформаларының нәтижесі. Инвестициялық ахуалды жақсарту, индустриялық аймақтарды жаңғырту және реттеудің болжамдылығын арттыру жөніндегі шаралар ұзақ мерзімді инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар туғызды. Арнайы экономикалық аймақтар, салықтық жеңілдіктер және оңайлатылған мақұлдау процедуралары шетелдік өндірушілерге алдағы ұзақ жылдарға жоспар жасаумен өндірістік стратегияларды құруға мүмкіндік береді.

Қазақстан оларға саяси тұрақтылық, ірі нарықтарға жақындық және халықаралық инвесторларға түсінікті құқықтық базаны ұсынып отыр. Бұл елді өндірістерді орналастыру үшін тартымды алаңға айналдырады.

Мәселен, Mars жаһандық азық-түлік корпорациясы – мұндағы көзқарастың өзгергенінің жарқын мысалы. Компания ұзақ жылдар бойы Қазақстанда импорттаушы және дистрибьютор ретінде жұмыс істеп келген еді, енді Алматы облысында өндірісін локализациялау үшін дайындық жұмыстарын бастап кетті, нақтырақ айтқанда олар үй жануарларына арналған дайын азық өндіру зауытын салмақ. Инвестиция көлемі 88,8 млрд теңгеден асады, ал қуаттылығы – жылына 100 мың тоннаға дейін өнім өндіруге жетеді. Бұл қадам жергілікті жерде өндіріс ашуға көбірек таңдау жасай бастаған шетелдік өндірушілердің трендін айғақтай түседі.

Фармацевтика өнеркәсібінде де жаңа жобалар пайда болмақ. «Алатау» арнайы экономикалық аймағында өндірістік кешен тұрғызатын Khan Tengri Biopharma компаниясымен инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Кешеннің өндірістік портфеліне онкологиялық, аутоиммунды, сирек және қабыну ауруларын емдеуге арналған препараттарды қоса алғанда, 27 халықаралық патенттелмеген атаулар кіреді, ал инвестициялар көлемі 103 млрд теңгеден асады. Бұл импорттық дәрі-дәрмектерді алмастыруға ғана емес, болашақта шетелдерге жөнелтуге де мүмкіндік береді. 

Қазақстанның өнеркәсіптік торап ретінде қалыптасып келе жатқаны технологиялық жағынан күрделі салаларда да байқалып отыр. 2025 жылы Қостанайда KIA автомобильдерін шығаратын толық циклді зауыттың іске қосылуы отандық автоөнеркәсіп үшін маңызды кезең болды. $270 млн-нан асатын инвестициялар ішкі нарыққа ғана емес, Орталық Азия мен ЕАЭО елдеріне жіберілетін экспортқа да бағдарланған. Толық өндірістік цикл жеткізушілердің жоғары дамыған желісін, білікті кадрларды және ұзақмерзімді жоспарлауды талап етеді, мұндай кәсіпорындарды өнеркәсіптік кластерлердің «жәкірлі» бөлшегіне айналдырады.

Локализацияның тағы бір мысалы – америкалық локомотивтер өндіретін Wabtec компаниясы. Олар Қазақстанда бұрыннан бар, бірақ қазір жергілікті компоненттердің үлесін арттыру және Астанада инженерлік-технологиялық орталықты ашу есебінен локализацияны күшейтуде. Ұлттық теміржол компаниясымен ұзақмерзімді келісімшарттар тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді, ал білім мен құзыреттерді беру елдің технологиялық әлеуетін нығайтады.

Металлургия секторындағы локализация да айырықша байқалып отыр. Металл және тау-кен өндіру саласындағы ірі халықаралық компаниялардың бірі – ERG тобы қазақстандық жеткізушілерден сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің үлесін 2024 жылы бір жыл бұрынғы 48%-бен салыстырғанда 60%-ға дейін ұлғайтқан болатын. Компания өз кәсіпорындары орналасқан моноқалалардағы өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударады. 2024 жылы мұндай сатып алулар Қазақстандағы ERG сатып алуларының жалпы көлемінің 21,5%-ын құрады және бұл көрсеткіш жаңа, оның ішінде экологияға бағдарланған өндірістерді іске қосу аясында өсуін жалғастыруда.

Qarmet компаниясы елдің өнеркәсіптік базасын едәуір күшейтетін бірнеше стратегиялық жобаларды жүзеге асыруда. Олардың бірі – қытайлық бизнеспен серіктестікте іске қосу көзделіп отырған металл бұйымдарының түрлі сортын жаймалап шығаратын қондырғы. Ол құрылыс металлургиясындағы импортты толығымен алмастыруға және ішкі нарықты тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Тағы бір жоба – Қарағанды облысында ені 1850 мм-ге дейін және қалыңдығы 0,8-ден 16 мм-ге дейін болатын ыстықтай илектелген болат темірді шығаруға бағдарланған құю-жаймалау кешенінің құрылысы. 

Бұл өнімдер автомобиль, мұнай-газ, атом, медициналық және құбыр өнеркәсібінде, сондай-ақ тұрмыстық техника өндірісінде зор сұранысқа ие. Мұндай жобаларды жүзеге асыру өзіндік құнын төмендетуге және жоғары қайта өңдеу өнімдерінің желісін кеңейтуге көмектеседі.

13:52
42

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020