​Ұлытауда кәсіпкерлікке жаңа серпін берілді

2025 жылы Ұлытау облысы кәсіпкерлікті дамыту бағытында жоғары нәтижеге қол жеткізді. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы жасаған рейтингке сәйкес, өңір шағын және орта бизнесті жүргізуге ең қолайлы аймақ ретінде танылып, республика бойынша көш бастады.

Жыл басынан бері облыста жалпы құны 3 миллиард теңгені құрайтын 75 кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, өңірде отандық және халықаралық франшизалар саны артып, бизнес саласының ауқымы кеңеюде. Бұл бастамалар аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп, алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Жас кәсіпкерлерді қолдау да басты назарда. Биыл 195 ұлытаулық жасқа қайтарымсыз грант беріліп, олардың өз ісін бастауына мүмкіндік жасалды.

Сондай-ақ Жезқазған қаласында ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған тоқыма фабрикасының ғимараты мемлекет меншігіне қайтарылып, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпкерлерге арналған заманауи алаңға айналатын нысанға 1 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылды.

12:48
28

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020