Авиациялық бөлімдері оқу-жаттығу ұшуларын орындауға кірісті

Жаңа оқу жылында Қарулы Күштердің Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық бөлімдері оқу-жаттығу ұшуларын орындауға кірісті. 

2025 жылы экипаждардың жалпы ұшу уақыты 12 мың сағаттан асты және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді.

Оқу іс-шаралары ұшу экипаждарының, инженерлік-техникалық құрамның және қамтамасыз ету бөлімшелерінің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған. Бағдарламаға тренажерларда сабақтар өткізу, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексеру, штаттан тыс жағдайларда әрекет ету дағдыларын пысықтау, ұшу құрамының, ұшуды басқару топтарының және авиациялық техниканың дайындығын бақылау кіреді. Ұшулар барысында экипаждар әуе шайқасын жүргізудің заманауи тәсілдерін меңгеріп, жерүсті және теңіз нысандарына авиациялық соққылар жасауды пысықтайды. Әсіресе әуе барлауын жүргізу және радиоэлектрондық күрес құралдарын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылады.

«Бұл жоғары жауынгерлік дайындық деңгейін сақтауға және жаңа тактикалық тәсілдерді күнделікті тәжірибеге уақтылы енгізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті. 

16:20
16

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020