Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл және киберқылмысқа қарсы қызметтің қызметкерлері педагогикалық колледж студенттерімен кездесіп, қауіпсіздік сабағын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпті әдеттердің алдын алу.
Кездесу барысында мамандар есірткіге қатысты құқықбұзушылықтардың салдары, интернеттегі қауіптер, алаяқтықтың кең тараған түрлері туралы кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ киберкеңістікте жеке деректерді қорғау жолдары мен әлеуметтік желілерде сақ болудың маңыздылығына тоқталды.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты мысалдар арқылы пайдалы мәлімет алды. Қауіпсіздік сабағы еркін форматта өтіп, жастардың белсенді қатысуымен ерекшеленді.
Полицейлер мұндай профилактикалық кездесулер жас ұрпақты заңға бағынуға, саналы өмір салтын ұстануға шақыратынын атап өтті.