3500 метр биіктіктегі тау шыңына көтерілді

Алматыда күштік құрылымдарға қарасты жоғары оқу орындарының курсанттары Іле Алатауындағы 3500 метр биіктіктегі тау шыңына көтерілді. 

Іс-шара тәрбие құрылымдары офицерлері институтының құрылған күніне орай ұйымдастырылғанын айта кету керек.

Акцияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Тау дайындығы орталығының нұсқаушылары мен Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери жоғары оқу орнының медицина қызметкерлері тартылды.

Құрлық әскерлері әскери институты бастығының орынбасары полковник Данияр Құдайбергеновтің айтуынша, жорыққа «тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алып жатқан курсанттар қатысқан.

19 қаңтарда әскерлердің моральдық-психологиялық қамтамасыз етілуіне, әскери ұжымдарда қолайлы ахуал қалыптастыруға және әскери қызметшілердің патриоттық санасын дамытуға жауапты мамандар кәсіби мерекесін атап өтеді. Болашақ тәрбиеші офицерлерге олардың мамандығы тек білімді ғана емес, сонымен қатар күш-қуат төзімділікті, командамен бірлесе жұмыс істей білуді және жеке жауапкершілікті талап ететін тұлға. 

13:26
16

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020