Сарбаздардың 4000-нан астам туған-туысы әскери бөлімдерге жиналды

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың бұйрығымен ұйымдастырылған бірыңғай Ашық есік күні аясында сарбаздардың 4000-нан астам туған-туысы әскери бөлімдерге жиналды.
Қонақтарға қару-жарақ пен әскери техника көрмелері ұйымдастырылды. Ата-аналар ұлдарының қызмет барысында нені меңгергенін өз көздерімен көрді. Сап және оқу-жаттығу алаңдарында сарбаздар қарумен саптық тәсілдерді, қоян-қолтық ұрыс элементтерін және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау шеберлігін көрсетті.
Келушілерге тәрбие жұмысын ұйымдастыру және әскери тәртіпті сақтау бойынша қорғаныс ведомствосы тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар қаруды қолдану, сабақтар мен жаттығулар өткізу кезіндегі қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілетіні егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Қорғаныс ведомствосының бұл бастамасы мерзімді әскери қызметшілердің туған-туыстарына жауынгерлік дайындықтың ұйымдастырылуымен, қызмет және тұрмыс жағдайларымен танысуға мүмкіндік берді. 

12:50
26

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020