Жезқазған қаласында коронавирус жұқтырғандар саны 165-ке жетті. Бұл туралы қала әкімі Қайрат Бегімов бүгін онлайн-брифингіде хабарлады.
«Жезқазған қаласындағы эпидемилогиялық жағдай бүгінгі күнге мынандай. Коронавирус инфекциясын жұқтырған 165 адам тіркелген. Емделіп шыққаны – 29, қалған 136 адам емделуде» деді қала басшысы.
COVID-19 жұқтырғандар саны өсіп кетуіне байланысты Қарағанды облысында, оның ішінде Жезқазған қаласында карантиндік шаралар 13 маусымынан бастап қайта күшейтілгенін еді.
«Облыстың және қаламыздың бас санитарлық дәрігерінің қаулыларындағы талаптардың сақталуын бақылау күшейтілді. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес жазалануда. Сіздерден карантиндік режим талаптарын мүлтіксіз орындауларыңызды сұраймын. Мұның барлығы ортақ игілігіміз үшін жасалуда. Баршаңызды саналылық танытып, жоғары жауапкершілік көрсетуге шақырамын!» деді Қайрат Баяндыұлы өз сөзінде.