КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН САҚТАМАҒАНДАР ЖАЗАЛАНАДЫ

Карантин режимінің күшейтілуіне байланысты Қарағанды облысы және Жезқазған қаласы бас санитарларының қаулылары талаптарының орындалысы қатаң бақылауда. Бұл туралы Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов бүгінгі онлайн-брифингіде хабарлады.

«Карантин кезінде мобильдік топтар 697 нысанда болып, оның 24-інен бас санитарлық дәрігер қаулысы талаптарының бұзылуын анықтады. «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексі 463-бабы 3-бөлімі бойынша 4 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 айыппұл салынды», — деді қала басшысы.

Бүгінгі таңда қалада бірқатар шектеулер енгізілген. Алаңдар, саябақтар мен ойын алаңдары ашық, бірақ онда серуендеушілер санитарлық талаптарды сақтауға міндетті. 

15:55
489

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020