​Жезқазған облыстық ауруханасында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Ұлытау облысында облыстық көпсалалы аурухананы жаңғырту аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі кешенді жоспар бойынша ірі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстары 2025 жылғы маусымда басталып, 2027 жылы толық аяқталуы жоспарланған.

Жөндеу барысында аурухананың барлық бөлімшелері, инженерлік жүйелері, операциялық бөлмелері, палаталары, сондай-ақ қосымша ғимараттар (морг, асхана және т.б.) жаңартылады. Сонымен қатар, онкологиялық көмек көрсетуге арналған жаңа корпус салу жоспарда бар.

Қазіргі таңда 8 және 9 қабаттардағы капиталды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, ал алдағы уақытта қалған қабаттарда да жұмыстар басталады. Жөндеу аясында медициналық жабдықтарды жаңарту жұмыстары жүргізілуде: қазіргі таңда 2,7 млрд теңгеге 47 бірлік медициналық техника жеткізілді. Олардың арасында томографтар, ангиограф, эндоскопиялық және роботталған жүйелер бар.

Реновацияның арқасында Ұлытау облысында бұрын басқа өңірлерге баруға мәжбүр болған күрделі операцияларды жүргізуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, ауруханада төрт жаңа мамандандырылған бөлімше ашылады: кардиологиялық, гастроэнтерологиялық, пульмонологиялық және ревматологиялық.

4 ақпаннан бастап пульмонологиялық бөлімше мен госпитальдық фармация бөлімшесі өз жұмысын бастады. Пульмонология бөлімі пневмония, бронхит, ХОБЛ, астма сияқты ауруларды емдеумен айналысады. Медициналық көмек пациенттерге жоспарлы және шұғыл түрде көрсетіледі.

Госпитальдық фармация бөлімі (ОГФ) пациенттерге стационарлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Бөлім дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарды қабылдаудан бастап, пациентке жеке қолданылуына дейінгі толық бақылауды қамтамасыз етеді.

13:26
26

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020