​ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ: Жезқазғанда 40 жоба іске асуда

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Жезқазған қаласында 40 жоба жүзеге асуда. Осының арқасында жаңадан 1 098 жұмыс орны ашылады. Бұл туралы бүгін Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов өткізген онлайн-брифингіде мәлім болды.

«Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев арнайы мәлімдемесінде азаматтар мен бизнесті қолдаудың нақты қадамдарын айқындап берді. Үкімет бірқатар дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырып, халықты жұмыспен қамтуда. Осыған байланысты жаңа «Жұмыспен қамту жол картасы» қабылданды. Бұл жоба әлеуметтік, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңарту, елді мекендерді абаттандыру арқылы халықтың өмір сапасын арттыруды мақсат етеді», — деген қала басшысы Жезқазғанда жүзеге асып жатқан жобаларға кеңінен тоқталды.

«Қала бойынша бағдарламаға 40 жоба енді. Оның 36-ы қалалық, 4-еуі облыстық бюджеттен қаржыландырылады. Осының арқасында жаңадан 1 098 жұмыс орны ашылады, оның ішінде 550 адамды Жұмыспен қамту орталығы арқылы қамту көзделіп отыр», — деді Қайрат Бегімов.

Брифингіде сондай-ақ, қалалық бюджет есебінен жүзеге асатын 36 жобаның 3-еуі білім саласына, 1-еуі мәдениет, 29-ы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына, 3-еуі құрылысқа қатысты екені айтылды.

Қаладағы №3 білім-инновация лицейі, тарихи-археологиялық музей, мемлекеттік архив және Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ғимараттары сияқты 4 жоба облыстық бюджет есебінен жүзеге асуда.  

16:12
512

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020