Жаңа Конституцияның жобасы – тұңғыш рет мыңжылдық тарихымыз басты құндылық ретінде айқындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Жаңа Конституция жобасының преамбуласында ел тарихы алғаш рет басты құндылықтардың бірі ретінде нақты көрсетілді.
Атап айтқанда, құжаттың кіріспе бөлімінде «Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтап» деген тіркестің енгізілуі – тарихи сананы жаңғырту мен ұлт жадының үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.
Жоба мәтінінде тарих мәселесі бірқатар бапта да көрініс тапқан. Атап айтқанда, 3-бапта Қазақстан Республикасы қызметінің негізін құрайтын қағидаттар қатарында тарихи-мәдени мұраны сақтау және төл мәдениетті қолдау міндеттері айқындалған.
Бұл бапта Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау; заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету; жалпыұлттық бірлікті бекемдеу; халықтың әл-ауқатын арттыру; жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын ілгерілету; қоғамдық диалогты дамыту; еңбексүйгіштік, прогресс, білім құндылықтарын бекіту; жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру; тарихи-мәдени мұраны сақтау нормасы да қамтылған.
Сондай-ақ 40-бапта Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарауға міндетті екені көрсетілген.
Осылайша, жаңа Конституция жобасында ұлттық тарих пен мәдени мұраны сақтау мәселесі мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттарының бірі ретінде айқындалып отыр.
Айта кетейік, Халық жердің тарихи иесі болса, егемендік пен мемлекеттілікке де заңды құқығы бар. Бұл халықаралық құқықтағы қағида. Осы тұрғыдан қарағанда, жаңа Конституция жобасы кіріспесінің өзі маңызды.

Тастан Тоянов.

14:28
15

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020