Қауырт дабыл: Десанттық-шабуылдау әскерлері жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтірілді
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік әзірлігі қауырт тексеріліп жатыр. Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың басшылығымен ұйымдастырылған бұл шара құрамалар мен әскери бөлімдерге жүктелген міндеттерді орындау қабілетін бағалауға бағытталған.