​ЖАС МАМАНДАР – ЖЕЗҚАЗҒАН МЕДИЦИНАСЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ

ЖАС МАМАНДАР – ЖЕЗҚАЗҒАН МЕДИЦИНАСЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ

Тарихы 1989 жылдан басталатын Жезқазған аймақтық көпбейінді ауруханасында бүгінде 85 дәрігер мен 317 орта буын медициналық қызметкері бар. Денсаулық күзетіндегі ақ қалаттылардың қатары жыл сайын артып келеді.

2019 жылы Қарағанды медициналық университетін травмотолог, терапевт, акушер-гинеколог пен педиатр мамандығы бойынша тәмадаған 4 жас маман және 14 медбибі жұмысқа қабылданған. Жас дәрігерлерге 500 және 250 мың теңге көлемінде көтермеақы беріліп, баспанамен қамтамасыз етілді. Биыл Алматыдағы Қазақ медициналық университетінің тағы төрт түлегі көпбейінді ауруханаға жұмысқа алынбақ. Олар – неонатолог, акушер-гинеколог пен сәулелі диагностиканың дәрігері.

Сонымен қатар, Жезқазған қалалық көпбейінді ауруханасы 17 интернді өз қаржысы есебінен оқытып жатқан жайы бар. Болашақ мамандардың таңдағаны – гинекология, офтольмология мен нейрохирургия, кардиология мен анестезиология мамандықтары.

13:01
536

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020