Кеңгір су қоймасындағы қауіпті мұз

Көктем мезгілі дәстүрлі түрде су айдындарындағы қауіптің күшеюімен байланысты. 
Жезқазған қаласының аумағында қардың қарқынды еруіне байланысты Кеңгір су қоймасындағы мұз жаппай жарылып, бұзыла бастады. Мұздың құрылымы тез әлсіреп, сызаттар мен ойықтар пайда болуда, бұл мұз астына түсіп кету қаупін арттырады.
Ауа температурасының көтерілуіне байланысты, тіпті сырттай берік болып көрінген мұздың өзі борпылдақ және сынғыш болады. Ерген су мұзды ішінен шайып, жабындыны өте сенімсіз етеді. Әсіресе бөгеттерге жақын маңдар, ағынды жерлер, сондай-ақ қара дақтары мен жарықтары бар аймақтар өте қауіпті.
Қауіп тобына балықшылар, балалар және мұз үстінде серуендеуге шығатын азаматтар жатады.
Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді және тұрғындарды келесі ережелерді сақтауға шақырады:
• Қар белсенді еріп жатқан кезеңде мұз үстіне шықпаңыз;
• Мұз астынан балық аулауды тоқтатыңыз;
• Мұздың беріктігін аяқпен теуіп тексермеңіз;
• Жарықтарға, ойықтарға және бетінде суы бар учаскелерге жақындамаңыз;
• Балалардың ересектердің қарауынсыз су айдыны маңында болуына жол бермеңіз;
• Балалармен қауіпсіздік ережелері туралы профилактикалық әңгімелер жүргізіңіз.
Есіңізде болсын: көктемгі мұз өлімге әкелетін қауіп төндіреді.
Мұз астына түсіп кеткен жағдайдағы тәртіп ережелері
Егер сіз мұз астына түсіп кетсеңіз:
1. Дүрбелеңге салынбаңыз, сабырлылық сақтаңыз.
2. Су бетінде қалу үшін қолдарыңызды екі жаққа кең жайыңыз.
3. Мұздың үстіне кеудеңізбен шығуға тырысыңыз, аяқтарыңызды кезекпен лақтырыңыз.
4. Өзіңіз келген бағытқа қарай қозғалыңыз — ол жақта мұз берік болады.
5. Шыққаннан кейін бірден тұрмаңыз, жағаға қарай аунап немесе еңбектеп барыңыз.
6. Тез арада медициналық көмекке жүгініңіз — дененің қатты мұздауы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Егер сіз оқиға куәгері болсаңыз:
• Дереу құтқару қызметін шақырыңыз;
• Зардап шеккен адамға тек еңбектеп жақындаңыз;
• Оған ұзын зат ұсыныңыз — таяқ, арқан, шарф немесе тақтай;
• Құтқарғаннан кейін адамның жылынуына көмектесіңіз және құтқарушылар мен дәрігерлерді күтіңіз.
Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы сақтық шараларын сақтауды және өз өміріңіз бен жақындарыңыздың өмірін негізсіз қатерге тікпеуді сұрайды.
Есіңізде болсын: жұқа мұз — ойнайтын немесе тәжірибе жасайтын орын емес. Өміріңізді сақтаңыз және балаларға қауіп туралы ескертіңіз.
Төтенше жағдайларда 112 немесе 101 ге хабарласыңыз
Жезқазған қ. ТЖБ аға офицері
подполковник


 

11:57
113

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020