Бүгін Biz Birgemiz жалпыұлттық онлайн-форум аясында «Халық алғысы» медалімен марапаттау рәсімі өтті. Бұл мемлекеттік марапат коронавирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеу үшін тағайындалған. Салтанатты рәсім ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті , — деп жазады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
— Ынтымақтастық, табандылық, жанашырлық – бұл халқымыздың дәстүрлі құндылықтары. Дәл осы қасиеттер бізге отандық тарихтағы ең қиын сынақтарды еңсеруге көмектесті. Жалпыға ортақ қайғы-қасірет алдында біздің ұйымымыз күштірек болады. «Біз біргеміз!» бұл біздің қоғамымыздың жаңа ұраны. Күн сайын біз бүкіл ел бойынша медициналық қызметкерлер, полиция қызметкерлері, қарулы күштер қызметкерлері, волонтерлер, сондай-ақ қайырымдылық жасаушылар жасаған ерліктердің куәсі болып табыламыз, — деді Мемлекет басшысы.
Елбасы атынан бір топ қарағандылықтарды облыс әкімі Жеңіс Қасымбек марапаттады. Өңірде бұл марапатқа 172 адам ие болды, деп хабарлады ол. Олардың қатарында дәрігерлер мен медбикелер, полиция қызметкерлері, волонтерлер, меценаттар, журналистер, мәдениет және өнер қызметкерлері.
Карантиндік талаптарға байланысты салтанатты түрде марапаттау шарасы шектеулі адамдар санын ғана шақыра алды. Қалғандарына марапат жұмыс орнына немесе үйіне жеткізіледі.
Өңір басшысы отандастарға азаматтық ұстаным мен батылдыққа бөленгені үшін алғыс айтты.
— Қарағандылықтар тағы да өздерінің ұйымшылдығын көрсетті. Біздің арамызда қиын сәттерде көмекке келуге дайын адамдар аз емес. Мен әркімге ризамын. Негізгі жүктеме медицина қызметкерлерінің иығына түсті. Біз олардың жұмысын жеңілдету үшін барлық мүмкіндіктерді жасауға тырысамыз. Жақын арада қарапайым өмірге қайта орала аламуымыз біздің әрқайсымыздың әрекетімізге байланысты, — деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
— Бұл ерекше марапат, — дейді медбике Сәуле Серікпаева. Ол Шахан кентінің қарттар үйінде жұмыс істейді. Олардың қарауындағы қариялар жоғары тәуекел тобына кіреді. Қарт адамдар дертке шалдықпау үшін мекеме қызметкерлері оларға қамқорлық көрсетіп, барынша сақтауға тырысты.
«Талбесік» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ләззат Қожахметова төтенше жағдай кезінде көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларын қамқорлыққа алды. Мұқтаждар мен меценаттар арасында өзіндік көпірге айналды десек те болады. Көмек көрсетуге бизнесмендер мен жанашыр жерлестер ерекше ниет білдірді. Жүздеген адам азық-түлік жиынтығын алды. Демеушілердің бірінің арқасында жеті отбасы өз баспаналарын алды.
Сондай-ақ, «Халық алғысы» жаңа медалімен білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада жемісті еңбек етіп жүрген адамдар марапатталады.