Жаңа Конституция заң үстемдігін қамтамасыз етіп қана қоймай, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік институттардың тиімділігін арттырып, қоғамдағы сенімді нығайтуға ықпал етеді. Реформалардың негізгі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және елдің тұрақты дамуына жағдай жасау.