Ұлытауда Жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Ұлытау өңірінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Жаңа Конституция жобасын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.
Іс-шараға «Ақ Жол» демократиялық партиясы Ұлытау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сағадат Мұхамбетов, «Amanat» партиясының өкілі Айнаш Жаналина, «Ұлытау арнасы» телеарнасының журналисі Мұқағали Сейтқазы және «Қазақстан Халық партиясы» Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Оразалы Бақырбаев қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен оның қоғам үшін маңызы туралы кеңінен айтып, референдумның маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, «ZhastarBolashak» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерімен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Жиынның басты мақсаты – азаматтарға Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, оның елдің демократиялық дамуы мен құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлін айқындау болды.
Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, мазмұнды диалог өрбіді.
#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
12:35
11

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020