​Тұрғындар белсенді дауыс беруде

Жезқазған қаласында №1 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Қарлығаш Сарсенбаева комиссия жұмысының басталуы мен тұрғындардың белсенді қатысуы туралы пікір білдірді.

Бүгін таңертең №1 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Комиссия төрағасының айтуынша, дауыс беру учаскесі белгіленген уақытта ашылып, барлық қажетті дайындық жұмыстары толық жүргізілген.
«Учаскеміз уақытында ашылды. Комиссия мүшелерінің барлығы жұмыс орындарында, бақылаушылар да қатысып отыр. Таңертеңнен бастап тұрғындар белсенді келіп, өз таңдауларын жасауда. Бұл – азаматтардың ел өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамайтынын көрсетеді», – деді №1 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Қарлығаш Сарсенбаева.
Сондай-ақ оның айтуынша, дауыс берушілерге барлық қолайлы жағдай жасалған. Комиссия жұмысы заң талаптарына сәйкес қалыпты режимде жүргізіліп жатыр.
09:37
16

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020