​Жезқазғанда #NauryzSale брендімен кітап және қолөнер жәрмеңкелері өтіп жатыр

Бүгін, 15 наурыз күні, Жезқазған қаласында сайлау учаскелерінде референдумға орай #NauryzSale брендімен кітап және қолөнер жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – тұрғындарды ақпараттандыру, референдумға қатысуға тарту және мерекелік атмосфера жасау.

Жәрмеңкеде кітаптар, қолөнер бұйымдары, ұлттық сувенирлер мен қолдан жасалған өнімдер ұсынылды. Тұрғындар тек өнімдерді тамашалап қана қоймай, авторлармен танысып, кеңес ала алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени-сауықтық шаралар тұрғындардың белсенді қатысуына оң әсерін тигізіп, референдум күнін мерекелік көңіл күйде өткізуге мүмкіндік береді.

12:07
18

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020