Қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Айдос Қайратұлы Ғалымов Жаңаарқа ауданы, Жаңаарқа кентіндегі №81 сайлау учаскесінде референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Белгілі спортшы азаматтық ұстанымын білдіріп, ел үшін маңызды саяси науқанда белсенділік танытты. Учаскеде дауыс беру үдерісі қалыпты жағдайда ұйымдастырылған.
Айдос Қайратұлы тұрғындарды қоғамдық маңызы бар бастамаларға бейжай қарамай, ел болашағына қатысты шешімдерге атсалысуға шақырды.