Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясының байқаушылары Астана, Алматы және Түркістан қалаларындағы 45 сайлау учаскесіне барды. ТҮРКПА Бас хатшысы Рамиль Сагиб оглы Гасан Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында миссия мүшелері дауыс берушілердің құқықтарының бұзылу фактілерін байқамағанын айтты.
«Қазақстан халқы бұл процеске ерікті түрде, белсенді қатысып, өз дауыстарын беріп жатыр», – деді спикер.