​ЖЕЗҚАЗҒАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жезқазған қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына қала бойынша 77 ұжымнан 2000-ға жуық адам қатысты. Сенбілік барысында аулалар, қоғамдық орындар, көшелер мен аумақтар тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Ауқымды тазалық жұмыстарына 37 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде қала аумағындағы 120 гектар жер тазартылып, 370 тонна қоқыс сыртқа шығарылды.

Аталған шара қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоршаған ортаны таза ұстауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Жезқазған қаласының әкімдігі қала тұрғындарын туған жердің тазалығына бейжай қарамай, ортақ іске белсенді атсалысуға шақырады.

10:58
19

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020