Жезқазған қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында штаб отырысы өткізілді. Жиынға қала әкімдігіне қарасты бөлім басшылары, коммуналдық сала өкілдері, жауапты мекемелер мен ұйымдардың мамандары қатысты.
Штаб отырысы Жезқазған қаласы әкімінің төрағалығымен өтіп, қала аумағындағы санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру, көгалдандыру және қоғамдық орындарды ретке келтіру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды.
Кездесу барысында жауапты сала басшыларына қала көшелері, аулалар, саябақтар мен әлеуметтік нысандар маңындағы тазалықты тұрақты бақылауда ұстау, рұқсатсыз қоқыс орындарының алдын алу, көктемгі абаттандыру жұмыстарын жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру, қала аумағын көркейту бекітілді.