​Биыл Жезқазған қаласында 3000-нан астам ағаш отырғызу жоспарланып отыр

Көгалдандыру жұмыстары қаладағы Холмецкий көшесі, Сарыарқа көшесі, Наурыз саябағы және С. Сейфуллин скверінде жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес, келесі көшет түрлері отырғызылады:

 • Шаған – 150 дана

 • Катальпа – 350 дана

 • Ірі жапырақты қарағаш – 150 дана

 • Қарағаш (шатыр пішінді) – 100 дана

 • Үйеңкі – 350 дана

 • Пирамидалы терек – 250 дана

 • Қарағаш (жалпақ жапырақты) – 1400 дана

 • Қайың – 250 дана

Отырғызылған ағаштарды 15 сәуірден бастап суару жұмыстары басталады. Осы мақсатта арнайы суару ыдыстары орнатылып, олардан тартылған құбырлар арқылы көшеттерге тұрақты түрде су беріледі.

Бұл жұмыстар қаланың экологиялық ахуалын жақсартып, шаһардың көркін арттыруға бағытталған.

11:49
19

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020