Президент «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты.
— Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше.
Оның мұрасы — бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы.
Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі.
«Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатын болады, — деді Мемлекет басшысы.
Айта кетелік Президент кітап оқу үрдісі ұлттың озық қасиетіне айналғаны жөн екенін айтқан еді.

Назым Бөлесова.

15:39
23

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020