​Ұлытау облысы жастары үшін маңызды әрі жауапты күн болды

Ұлытау облысы жастары үшін маңызды әрі жауапты күн болды — жас азаматтарды әскер қатарына салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.

Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге аттанған сарбаздарға ақ жол тіленіп, олардың патриоттық рухына сенім білдірілді.
Салтанатты жиында ардагерлер мен қоғам өкілдері сөз сөйлеп, ел тыныштығын қорғау әр азаматтың абыройлы міндеті екенін атап өтті.
Ұлытау облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы подполковник Ержан Жуманов жастарға жүрекжарды лебізін жеткізіп, әскери қызметтің маңызын айтты.
Ол жас сарбаздарды тәртіпке, жауапкершілікке және елге адал қызмет етуге шақырды.
Жастардың жүзінен толқу мен мақтаныш айқын байқалып, бұл олардың өміріндегі жаңа кезеңнің бастамасы екені сезілді.
Ата-аналар ақ тілектерін айтып, перзенттерінің аман-есен оралуын тіледі.
Жас сарбаздар ел сенімін ақтап, әскери міндетін адал атқаруға дайын екендерін көрсетті.
12:57
17

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020