«Таза Қазақстан» – маңызды бастама

«Таза Қазақстан» – бұл бір реттік акция ғана емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
 Аталған жоба қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және азаматтардың жауапкершілігін арттыруға үндейді. Тазалық – күнделікті өмір салтына айналуы тиіс ортақ құндылық.
Осыған орай, Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы «Таза Қазақстан» жалпыоблыстық сенбілігіне белсенді түрде қатысты. Іс-шара барысында Палата қызметкерлері Жезқазған қаласындағы Сейфуллин көшесінің Алашахан даңғылынан Ғарышкерлер бульварына дейінгі аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көше бойы қоқыстан тазартылып, жол жиектері ретке келтірілді.

Аталған экологиялық акция қоршаған ортаға бейжай қарамайтын азаматтарды біріктіріп, өңірдің санитарлық жағдайын жақсартуға және экологиялық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етті.

16:12
19

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020