Ұлытау облысында «Tomiris» түлегі әйелдерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр

«AMANAT» партиясының «Tomiris» жобасы еліміздің әр өңірінде әйелдер көшбасшылығын дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде танылып келеді. Аталған жобаға Ұлытау өңірінен қатысқан әйелдердің бірі – Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы әйелдер кеңесінің төрағасы, кәсіпкер, қоғам белсендісі және спортшы Гүлнара Загирова.
Гүлнара Загирова жоба аясында алған тәжірибесін ерекше ықыласпен еске алады. Оның айтуынша «Tomiris» жобасы – тек білім беру алаңы емес, әйелдердің әлеуетін ашып, олардың қоғамдағы рөлін жаңа деңгейге көтеретін маңызды бастама.
«Tomiris» – әйелдер туралы. Бұл жоба әйелдің күші үлкен өзгерістерге жол ашатынын дәлелдеуде. Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған көшбасшы әйелдер тәжірибе алмасып, бір-бірін шабыттандырады. Осындай орта адамның ой-өрісін кеңейтіп, жаңа белестерге жетелеуге мүмкіндік береді. «Tomiris» мен үшін жарқын болашақтың бастауы болды. Жоба барысында менторлар мен спикерлерден алған білімімді өңіріміздегі әйелдерге жеткізіп, мықты, белсенді әйелдер қауымдастығын қалыптастыруды басты мақсатым деп санаймын», – дейді Гүлнара Загирова.
Жоба аясында алған білімін тәжірибеде тиімді қолдана білген Гүлнара Загирова өңірде бірқатар бастаманы жүзеге асырған. Атап айтқанда, ол жасанды интеллектіні қолдану, жеке бренд қалыптастыру бағытында курс өткізіп, қыз-келіншектердің кәсіби дамуына үлес қосуда.
Ол алдағы уақытта осы бастаманың аясын кеңейтіп, Ұлытау облысының барлық қала-ауданында кездесулер мен тренингтер өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кету керек, Гүлнара сондай-ақ «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының өңірлік филиалының белсенді мүшесі. Оның бастамалары мен белсенділігі өңірдегі әйелдер көшбасшылығының дамуына жаңа серпін беріп отыр.

14:19
21

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020