​ЖУРНАЛИСТ ҚУАНДЫҚ ШАМАХАЙҰЛЫ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ

Журналист, жазушы, аудармашы Қуандық Шамахайұлы бүгін ауруханада жатып қайтыс болды. Ол осыған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған деп Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханалардың біріне жатқызылған болатын.

Ұлы Берік Қуандықұлының айтуынша, журналист ауруханаға 23 маусым күні жатқан.

– Палатада жатты, «ИВЛ» болған жоқ ешқандай. Кеше жағдайым жақсы, температура жоқ, тәбетім ашылды деп өзі айтты, – деді ол.

Туыстары оңалып келе жатқан Қуандық Шамахайұлының кенет қайтыс болғанына күмәнмен қарап отыр. Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасы әлі ешқандай мәлімет таратпады.

Қуандық Шамахайұлы 1961 жылы Моңғолияда туған. 1993 жылы Қазақстанға көшіп келіп, елдегі еңбек жолын Жезқазған облыстық «Сарыарқа» газетінен бастаған. Елдегі бірнеше жетекші университеттерде дәріс берді, Астанадағы газет-журналдарда бас редактор болды. Оның қаламынан туған сатиралық шығармалар мен лирикалық әңгімелер қазақ оқырмандарынан қызу қолдау тапты.
ол – Қазақстанның мәдениет қайраткері әрі филология ғылымының кандидаты. 

12:10
424

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020