2026 жылғы жоспарға сәйкес, Жезқазған қаласы, Бөгенбай батыр ықшам ауданында орташа жөндеу бойынша жұмыстар басталды. Жобамен ықшам ауданның жалпы ұзындығы 2,4 км болатын 7 көшесінде орташа жөндеу жұмыстарын атқару жоспарланған. Мердігер ұйым – «Бекарыс и К» ЖШС.
Қазіргі таңда мердігер ұйыммен Щорс көшесінде асфальттау бойынша жұмыстар атқарылуда