Рейдтік іс-шара жүргізілді

Жезқазған қаласы прокуратурасының үйлестіруімен қалалық полиция басқармасымен бірлесе отырып, қала аумағында рейдтік іс-шара жүргізілді.

Іс-шара барысында ойын-сауық мекемелерінде, қоғамдық орындарда алкоголь өнімдерін тұтыну, кальян шегу, түнгі уақытта жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз жүру, сондай-ақ алкоголь өнімдерін белгіленбеген уақытта сату фактілері анықталды.

Аталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптары бұзылғаны анықталып, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды. 

Нәтижесінде жиырма бір азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің заңды өкілдері полиция басқармасына шақыртылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жезқазған қаласының прокуратурасы барлық азаматтарды заң мен тәртіпті қатаң сақтауға шақырады.

12:27
13

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020