Ұлытаулық Нұрасыл – XXI ғасырдың көшбасшысы

Жезқазған қаласындағы №3 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Нұрасыл Тұрсынхан «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік бағдарламасының апталық кезеңінде топ жарып, Ұлытау өңірінің абыройын республика деңгейінде асқақтатты.
Білім додасында дараланған жас дарын болашақта ғылым жолын таңдап, ұстаздық етуді мақсат тұтады. Оның қызығушылығы физика пәніне бағытталғаны – ізденіске толы жарқын болашақтың айқын белгісі.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған алғыр ойлы оқушылар бақ сынайтын беделді тележобада оза шапқан ұлытаулық өренге толағай табыс, биік белестер тілейміз!

11:35
16

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020