«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы ауқымды экологиялық іс-шара

Ұлытау облысында Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен республикалық телекөпірмен ұштастыІс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен республикалық телекөпірмен ұштасты.
Аталған телекөпірге Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған қаласының орталығынан тікелей қосылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік филиалы өкілдерімен, жастармен, мемлекеттік қызметкерлермен, волонтерлармен, кәсіпорын қызметкерлерімен және қоғам белсенділерімен бірге қатысты.
Тікелей эфир барысында Мемлекет басшысы бұл бастаманың ұрпақ алдындағы маңызы зор екенін атап өтті.
Президент өз сөзінде:
«Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп», «Адал азамат» қағидаттары біртұтас құндылықтар жүйесін құрайды және қоғамдық өмірде берік орнығуы тиіс. Бұл бастамаларды кеңінен насихаттауға танымал әрі беделді азаматтарды белсенді тарту қажет. Ал осы идеяның негізгі қозғаушы күші – жастар. Экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастыру аса маңызды. «Таза Қазақстан» халықтың өмір сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұлттық идеяға айналуы тиіс», – деп атап өтті.
Телекөпір аяқталғаннан кейін қатысушылар ағаш отырғызу жұмыстарына кірісті. Акция аясында Жезқазған қаласындағы саябаққа 275 түп, ал Жошы хан тарихи-мәдени кешенінің аумағына 510 түп жас көшет отырғызылды. Жалпы облыс бойынша бір күнде 1550 түп жасыл желек егілді.

Айта кету керек, Ұлытау облысында елді мекендерді көгалдандыру, аумақтарды абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Жыл басынан бері 7 сенбілік өткізіліп 20 мыңнан астам адам, 1551 ұжым және 416 техника жұмылдырылып, 2749,9 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар 700,7 гектар аумақ тазартылып, 10 894 түп ағаш отырғызылды.

16:38
17

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020