​Жезқазғанда Ұлттық ұланның әскери оркестрі балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі Жезқазған қаласындағы Маруа Құлышева атындағы балаларды қолдау орталығында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай арнайы мерекелік концерт ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рух пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру болды. Концерт барысында әскери оркестр көпшілікке танымал патриоттық әндер мен әскери марштарды орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Мерекелік кеште балалар мен орталық қызметкерлері өнерпаз ұландықтардың орындауындағы музыкалық шығармаларды ерекше ықыласпен тамашалап, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Әскери оркестрдің кәсіби шеберлігі мен сахна мәдениеті концерттің сәнін келтіріп, мерекелік атмосфераны одан әрі жандандыра түсті.

Шара соңында балаларды қолдау орталығының ұжымы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының әскери оркестріне алғыстарын білдіріп, олардың игі бастамаларына сәттілік тіледі.

Осындай тағылымды әрі рухани маңызы зор кездесулер жас ұрпақтың бойында елге деген құрмет пен патриоттық сезімді нығайта түсетіні сөзсіз.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

13:49
15

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020