Кеше Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізіп , жұмысына салғырт қараған бірнеше әкімге ескерту жасап , сөгіс берді . Күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырып жат қан науқастардың саны 600- ге жуық та қалды . Бұл – індеттің белгі лері байқалып , денсаулығы сыр бер гендер дің ғана есебі . Мұның сыртында симптомсыз дертке душар болғандар күніне мыңнан асып жығылады , деп жазады Egemen.kz.
Бүкіл әлемді сарсаңға сал ған вирус еліміздің барлық аймағына тарап , қарқын алып келеді . Әсіресе өткен аптада 5 өңірдегі өсім қатты байқалды. Атап айтсақ, коронавирус инфекциясын жұқтырудың өсімі бойынша Шығыс Қазақстан облысы – 62,24%, Солтүстік Қазақстан облысы – 59,11%, Қостанай облысы – 41,23%, Ақмола облысы – 39,33% және Павлодар облысы 34,80%-ды көрсетті.
Жалпы, 29 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 21 327 адам індеттің құрығына ілінген. Олардың емделіп шыққаны – 13 008, жан тапсырғаны – 183. Ал статистикаға қосылмаған коронавирустың белгілері жоқ 16 639 тасымалдаушы тіркелген.
Осылайша, науқастарды дерттің белгілері бар-жоғына қарай бөлу арқылы барынша қолдан келген көмек көрсетіліп жатыр. Яғни індеттің жеңіл түріне ұшырағандар үйлерінде оқшауланып, өз аумағындағы емхана дәрігерлерінің кеңесімен ем-дом қабылдауда. Ал ауруханалар мен арнайы стационарларға тек жағдайы ауыр және орташа ауыр науқастарды жатқызуға тура келіп тұр.
Соның өзінде арнаулы стационарларда төсек — орын тапшылығы қатты сезілуде. Өткен аптаның соңына қарай Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Сәуле Қисықова науқастардың саны үш есеге дейін өскенін, жұқпалы аурулар және провизорлық ауруханаларда жатқан адамдардың саны 2,5 мыңға дейін жеткенін мәлім деген еді. Жоғарыда айтқандай, ауруханаға тек халі нашар жұрт түсіп жатыр.
Оның айтуынша, 12 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымдардың төсек-орын қорын қайта құруға байланысты жұқпалы және провизорлық ауруханалардағы төсек-орын саны 1351 орынға ұлғайтылды. Үш күнде қосымша 830 төсек-орын дайындалған. Оныңі шінде Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың базасында тағы 200 инфекциялық төсек-орын дайындалды. Бүгінде елордада коронавирус инфекциясымен күресуге 3 135 төсек-орындық 12 денсаулық сақтау ұйымы жұмылдырылды.
Миллионнан аса тұрғыны бар астанада індетті тежеу оңай тимей тұр. Бұл кеселдің келеңсіздігі не ерте қамданған бас қаланың өзінде жағдай ушыққанда, басқа өңірлердегі ахуалдың ауырлағанын бағамдай беруге болады.
Індет елімізде енді етек ала бастағанда елордада 13 күннің ішінде коронавируспен ауырған адамдарды емдеуге арналған жұқпалы аурулар орталығы ашылған еді. 200 төсек-орынға шақталған бұл модульдік орталық қазір толып тұр деуге болады.
Аталған орталықтың директоры міндетін атқарушы Ләззат Руспекова бүгінде бұл жерде 176 науқас жатқанын атап өтті. Оның ішінде 20 науқас жансақтау бөлімінде жатыр екен. Жансақтау бөлімінде барыда осы – 20 орын. Яғни бұл бөлім лық толып тұр. Соған қарап өмір мен өлімнің арасындағы науқастар жататын бөлімге адамдар сыймай жатуыда мүмкін екенін, жағдайы мүшкіл азаматтар аз емес екенін аңғардық. Дегенмен бұған дейін жұқпалы аурулар орталығы алғаш ашылғанда онда 200 төсек-орынның 100-інде жасанды тыныс алу құрылғысы орнатылғаны мәлім болған еді. Сондықтан науқастардың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлердің аянып қалмасы анық.
– Қазір орталықта 20 шақты бос орын бар. Бірақ мұнда күн сайын науқастар әкелініп жатқандықтан, орын жеткілікті деп айта алмаймыз. Бізге көбіне халі нашар науқастарды жатқызады. Бүгін орталыққа 5 адам түсті. Жазылып немесе жағдайы едәуір тәуір болып шығып жатқандар да бар. Мұнда жатқан науқастардың көбінің өкпесі қабынған. Жалпы коронавирус инфекциясы пневмония мен ауыратындардың дертін одан сайын күшейтіп жіберді, – деді Ләззат Руспекова.
Олосындай қысылтаяң кезде өмірін тәуекелге тігіп, күні-түні қызмет етіп жүрген медицина мамандарыда індет жұқтырып, қызметкерлер тапшылығы күшейе түскенін айтты. Төсек-орын табылғанымен, науқастарға қарайтын дәрігерлер жетіспей, олардың да ауырып қалғаны жығылғанға жұдырық болып тұр. Алайда қызметіне адал, халыққа қамқор абзал жандар қалайда тез сауығудың қарекетін жасап, қатарға қайта қосылып, жұмысына кірісіп кетіп жатыр. Мысалы, біз сөз еткен елордадағы жұқпалы аурулар орталығының ауырып қалған медицина мамандары беті бері қарағаннан кейін, екі апта жағдайын тағы бақылап, одан соң жұмысқа қайта шығып жатыр екен.
Астанадағы жаңадан салынған жұқпалы аурулар орталығының директоры Анна Цепкенің денсаулығына байланысты оның міндетін уақытша Ләззат Руспекова атқарып отыр екен. Ләззат Руспекова – негізінде Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 қалалық емхананың бас дәрігері. Жаңа орталықтағы қызметті атқара бастағанына бір аптадай болғанын айтқан ол бұған дейін өзі жұмыс істейтін №2 емханада да індетпен күрес белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Індет жұқтырғандардың саны азаяр түрі жоқ. Өкінішке қарай, жұрттың көбі әлі де бейсауат, бейғам жүр. Сақтық шараларын қатаң ұстауды, көпшілік жерден мейлінше аулақ болуды ескере бермейміз. Соның салдарынан жақындарымыз қиын жағдайға түсіп, сан соғып қалып жатырмыз. Арақашықтық сақтағанымыз – ағайыннан алшақтағанымыз емес, айналамыздың амандығын ойлағанымыз. Осыны жете түсініп, терең сезіне білсек, бұл бәлекетке бөгет бола алатын қоғамдық иммунитетіміз де күшейе түсер еді.